Атырауда оқушылар арасында диктант жазу жұмысы өтті

Атырауда оқушылар арасында диктант жазу жұмысы өтті
(0 Votes)

 Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінде 5–11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды. 

Жазба жұмысына жалпы 192 оқушы қатысты.

Диктанттың мақсаты – оқушылардың сауаттылығын арттырумен қатар, тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыру. Мәтін мазмұны арқылы оқушылар тәртіптің адам өміріндегі маңызын түсініп, оны ең алдымен өзінен бастау қажеттігін ұғынды.

 Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білім деңгейлерін көрсетті. Осындай тәрбиелік маңызы бар жұмыстар жас ұрпақтың қалыптасуына оң әсер етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT