Арнайы грамота иегері атанды

Арнайы грамота иегері атанды
(0 Votes)

Жуырда Шымкент қаласында құқықтану негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Аталған білім сайысында Атырау қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Альазиза Лукпанова құқық негіздері пәні бойынша ерекше жетістігі үшін арнайы грамотаға ие болды.

Бұл марапат – оқушының білімге деген ұмтылысы мен пәнге деген терең қызығушылығының нәтижесі. Альазизаның көрсеткен жоғары деңгейдегі білімі республикалық деңгейде лайықты бағаланды.

Жеңімпаз оқушы мен оның ұстазы Гүлбану Ислямгалиеваны шын жүректен құттықтаймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT