15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні.
Ғашықтар күніне орай ауданымызда жастар орталығының ұйымдастыруымен аккустикалық кеш өтті.

Іс-шараға белсене қатысқан жастар өз өнерлерін ортаға салып, әсерлі ән шырқап, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, кешті жарқын әрі есте қаларлық сәттерге толтырды.
Лирикалық сипатта өткен кештің мақсаты жастарға ерекше көңіл – күй сыйлап, мәдени ортаға қалыптастыру.

Махаббат тақырыбын арқау еткен аккустикалық кешке жиналған жұрт әрбір әуенді ықыласпен қабылдап, кештің ерекше атмосферасын сезінді.

Сонымен қатар, жастар арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, кеш одан әрі жандана түсті.
Д.Маратұлы
Суреттер автордікі


