Жәрмеңке жұмыссыздар санын азайта ма?

Жәрмеңке жұмыссыздар санын азайта ма?
(0 Votes)

Қазіргі таңда жұмыссыздық мәселесі қоғамдағы маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр. Бұл мәселенің алдын алу шешімі «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесін өткізу. 

Ел дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуы десек, бұл бағытта атқарылып жатырған жұмыстарда аз емес. 

Осыған орай ауданымызда мансап орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік кеңсе ғимаратында 2026 жылдың алғашқы «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жиылған халықтың қарасы көп. Барлығының діттегені жұмыссыз атағынан арылып, тұрақты жұмысқа орналасу. Өйткені, елімізде жұмыссыз жүру күн көрісті қиындатып, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне, кедейлік пен теңсіздіктің күшеюіне әкеледі.

Аталған жәрмеңкеге барлығы 80 адам қатысып, оларға жұмыс беруші  аудандық мансап орталығы, аудандық жастар ресурстық орталығы, «KazGlobalSolution» ЖШС, ауданы білім беру бөлімі ММ аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі  КММ, «Таза Мақат» КГП, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ММ, «Карат» ЖШС, «FSSA» ЖШС, «СТАМГазСтрой» ЖШС, аудандық полиция бөлімі түрлі мамандықтар бойынша 190-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған шамамен 70-ке жуық адам түйіндемесін қалдырды.

Жалпы, алдағы уақытта да халықты жұмысқа орналастыру шаралары жалғаса бермек. Ол жөнінде мансап орталығының мамандары аудан тұрғындарын алдын ала хабардар етіп отырады.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша 972 адам жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұр.

 

Б.Сағытжан

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT