Бүгін Мақат кентінде «Мұнайшы газеті 60 жылдығы» көшесінде спорттық және балалар ойынының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Саматұлы арнайы қатысып, бұл – нысан балалардың уақытын тиімді өткізуіне және жастардың салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын табатындығын жеткізді.

Әрі қарай сөз алған аталған көшенің тұрғыны Баян Жұмағалиева аудан әкімдігіне алғысын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Келесі кезекте ойын алаңының лента қию рәсімі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Әнесұлы мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Оспанұлына жолданып, әмбебап спорт алаңы халық игілігіне пайдалануға берілді.

Айта кетейік, жаңа алаң заманауи талаптарға сай жабдықталғанжәне ауыл балаларының қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.
Д.Маратұлы,
Суреттер автордікі


