Конституция - тек құжат ғана емес, бұл біздің бірлігіміз, ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі.
Әрбір азамат осы құжатты оқып, түсініп, қолдау көрсету арқылы еліміздің дамуына өз үлесін қосады.
Ал әрбір ондағы өзгеріс - тарихи оқиға. Бұл құжат әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың негізін қалайды.
Аудан тұрғыны ретінде біз бұл маңызды қадамды зор үмітпен қарсы аламыз.
Жаңа өзгерістер қоғамымызды нығайтып, келешек ұрпаққа бейбіт пен әділеттілікке жол ашады деп сенеміз.
А.Қуаныш,
кент тұрғыны


