Қазіргі таңда кез келген саланың дамуы цифрлық жүйемен тығыз байланысты. Бұл - заман талабы.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы күнделікті тіршілігімізді жеңілдетіп қана қоймай, мемлекеттік басқару мен қоғамдық қызметтердің тиімділігін арттыруға жол ашып отыр.
Осы ретте елімізде жаңа қабылданғалы жатқан Ата-Заңда алғаш рет цифрлық жүйеге қатысты құқықтық нормалардың қарастырылуы - болашаққа жасалған маңызды қадам деп білемін.
Иә, бүгінгі цифрлық заман - жаңа мүмкіндіктер мен тың бастамалардың дәуірі. Сондықтан цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - қоғам дамуының басты кепілі.
Ж.Жансұлтан
Кент тұрғыны




