Еліміздегі құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі - «Заң мен тәртіп» жобасы.
Ауданымызда да жоба белсенді түрде жүзеге асырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары, мектептер мен колледждерде сабақтар мен семинарлар арқылы өткізіліп келеді. Заңға сүйенген тәртіп - тұрақты қоғамның кепілі.
Аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығы артқан сайын, қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақ нығая түсері анық.
Қ.Омаров,
аудандық билер алқасының төрағасы




