Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты негізі. Қазіргі таңда заңға бағыну, өз құқығың мен міндетіңді білу – әр азамат үшін маңызды талап.
Қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Заң талаптарын сақтау арқылы адам өзіне ғана емес, айналасындағы жандарға да құрмет көрсетеді.
Әсіресе жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, заңды құрметтеуге тәрбиелеудің маңызы зор. Әр азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін түсініп, белгіленген тәртіпті сақтауға ұмтылғаны жөн.
М.ӘНЕСҰЛЫ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



