ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

(0 Votes)

Бәйгетөбе спорт кешенінде 8 наурыз - Халықаралық əйелдер күніне орай əйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Аталмыш турнир - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. 

Әрі қарай аудан əкімі Азамат Саматұлы айтулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы командаларға арнайы алғыс хаттар табыс етті.

Келесі болып сөз кезегін жалғаған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Оспанұлы ауданда дəстүрлі түрде өтетін əйелдер арасындағы волейбол сайысына қатысушыларға сəттілік тіледі.

Аталған турнирге аудандық мекемелер арасынан 17 команда, 200 əйел қатысты. 

Нәтижесінде жүлделі І орынды "Мұса Баймұханов орта мектебі" командасы жеңіп алып, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, ІІ орынды "Байгетөбе мектеп-бөбекжай кешені", ІІІ орынды "ДоссорМұнайГаз" командасы иеленді.

Жеңімпаз командаларға арнайы диплом, кубок және медальдар табыс етілді.

Б.Сағытжан
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT