Ауданда «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Ел көлемінде қолға алынған бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің тазалығына бейжай қарамау сынды маңызды құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Осы ретте отбасымызбен бірге Доссор кентіндегі “Байбақты ата” бағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, туған жердің тазалығын сақтауға үлес қостық.
Табиғатты аялау, туған жердің тазалығын сақтау әр адамның азаматтық борышы. Сондықтан өскелең ұрпаққа осындай игі істерді насихаттау арқылы үлгі бола аламыз.
Б.ЖАЛМҰХАНОВ,
кент тұрғыны


