31 тамыз күні сағат 13:10 шамасында Мақат ауданы, Аухатов көшесі, №3 үй тұрғындарынан электр жарығының өшіп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Хабарлама бойынша полиция майоры Н. Сарсенғалиев пен полиция лейтенанты Т. Амангелдиев оқиға орнына жедел жетіп, тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері «Атырау-Жарық» мекемесінің мамандарын шақыртып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Нәтижесінде электр желісіндегі ақау ретке келтіріліп, тұрғындардың үйлері қайтадан электр қуатымен қамтамасыз етілді.
Өз кезегінде Аухатов көшесі, №3 үй тұрғындары Мақат ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне дер кезінде көмек көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін өз алғыстарын білдірді.
Мақат ауданы полиция бөлімі – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында әрдайым қызметте!




