Темір жол өткеліндегі қауіпсіздік басты назарда

Темір жол өткеліндегі қауіпсіздік басты назарда
(0 Votes)

Бүгін Доссор кентіндегі темір жол өткелі бойында тұрғындардың темір жолдағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 

Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысып, тұрғындарға темір жол өткелдерінен өту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ темір жолға жақын аумақта жүру, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеу, өткелдегі дыбыс және жарық белгілеріне бағыну қажеттігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

 Акция барысында жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелері жазылған анықтама парақшалары таратылып, темір жолдағы әрбір адамның жауапкершілігі маңызды екені ескертілді.

 Мұндай алдын алу шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қайғылы оқиғалардың алдын алуға және темір жол көлігіне қатысты құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған.

 

Б.Сағытжан

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT