ТАЗАЛЫҚ – ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТІ

ТАЗАЛЫҚ – ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТІ
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

 «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің көркін арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. 

Тазалықты тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақтауымыз қажет. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, қоғамда ортақ жауапкершілік қалыптасады.

Туған жердің тазалығы – сол жерде өмір сүретін әрбір тұрғынның еңбегіне байланысты. Сондықтан бұл акцияға баршамыз белсенді қатысып, келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруды мақсат етуіміз керек.

А.БОЛАТ,
кент тұрғыны

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT