Көрікті аудан қалыптастыру тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды бір мақсатқа жұмылдырып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Әрбір мекеме, кәсіпкерлік нысан иесі мен тұрғын өзіне тиесілі аумақтың тазалығына мән берсе, көшелеріміз де, аулаларымыз да ажарлана түседі. Ең бастысы, тазалықты уақытша науқан емес, өмір салтына айналдыруымыз қажет. Себебі таза ортада өмір сүру – әр адамның құқығы болса, оны сақтау – баршамыздың міндетіміз.
Р.ҚАЛЫМ,
кент тұрғыны




