«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін маңызды бастама.
Бұл акция адамдардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Тазалық – денсаулықтың, жайлы өмірдің және өркениетті қоғамның негізі. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына бейжай қарамауы керек.
Ортақ іске бірлесе атсалысқанда ғана өңіріміз көркейіп, табиғатымыз таза сақталады. Жастардың осындай игі бастамаларға белсенді қатысуы үлкен үлгі.
Бүгінгі тазалық жұмыстары – болашақ ұрпаққа қалдыратын жақсы мұра. «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіру – туған өлкеміздің жарқын келешегіне қосқан нақты үлес.
С.НҰРТАС,
тұрғын



