Таза Қазақстан - әр азаматтың ортақ міндеті

Таза Қазақстан - әр азаматтың ортақ міндеті
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

Мақат ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Акция барысында қоғамдық орындар мен көшелер қоқыстан тазартылып, аумақтарды көркейту және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Тазалық шараларына мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар және аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің таза әрі көрікті болуына өз үлестерін қосуда. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ тұрғындарды тазалықты сақтауға үндейді.

«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялау мен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Әрбір азаматтың тазалыққа қосқан үлесі туған жердің көркеюіне және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Б.СЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT