«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық – тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Әр тұрғын өз ауласы мен туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміз одан әрі көркейе түседі.
Табиғатты аялау – келер ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз. Сондықтан игі іске әрдайым белсенді атсалысайық.
Д.МАРАТҰЛЫ



