Talaptan BILIM – жастардың цифрлық білім алаңы

Talaptan BILIM – жастардың цифрлық білім алаңы
(0 Votes)

Апта басында аудандық Жастар ресурстық орталығында салалық білімді дамытуға бағытталған “Talaptan BILIM” бағдарламасының тренингтері бастау алды.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Жарқын Жанұя” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан “TALAPTAN MAQAT” жобасы аясында 14–35 жас аралығындағы аудан жастарына арналған “Жасанды интеллект құралдарын пайдалану” тақырыбындағы екі күндік тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін таныстыру және оны білім алу, кәсіби даму мен күнделікті жұмыста тиімді пайдалануға үйрету.

Екі күнге созылған оқыту барысында жасанды интеллект құралдарының маманы Бақдәулет Өмертаев спикер болып, қатысушыларға заманауи платформалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. 

Сонымен қатар қатысушылар мәтін әзірлеу, презентация дайындау, ақпаратты талдау, бейнеролик жасау,сурет генерациялау және күнделікті жұмысты жеңілдететін цифрлық құралдарды тәжірибе жүзінде пайдаланып көрді.

Тренинг барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдарын меңгерді. 

Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар жаңа технологиялардың мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, оларды оқу мен еңбек қызметінде қолданудың тиімді тәсілдерімен танысты.

Осындай білім беру бастамалары аудан жастарының заманауи технологияларды игеруіне, цифрлық құзыреттілігін арттыруына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.

Айта кету керек, аудандақ Жастар ресурстығы басшының міндетін атқарушы Нұрай Алпысбаеваның айтуынша, алдағы уақытта “TALAPTAN MAQAT” жобасы аясында тренингтер мен бағдарламалар жалғасын таппақ.

Ж.ҚАМЗА
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT