Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ жауапкершілік.
«Таза Қазақстан» акциясы осы бағытта халықты бірлікке, еңбекке және экологиялық мәдениетке тәрбиелейтін маңызды жоба деп ойлаймын. Сенбіліктерге қатысып, аумақтарды абаттандыру арқылы әр азамат туған өлкесінің дамуына өз үлесін қоса алады.
Тазалық бір күндік шарамен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Таза аудан – жайлы орта, ал таза ел – келер ұрпаққа қалдырар үлкен мұра.
Д.Маратұлы



