ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ

(0 Votes)

 Адам өмірін жоғары бағалау – өркениетті қоғамның басты өлшемі. Ал еліміздің жаңа Конституциялық жобасында адам өмірінің ең басты құндылық ретінде айқын көрсетілуі – мемлекет дамуының ізгі бағытқа бет алғанының жарқын көрінісі.

Аталмыш құжатта «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты белгіленуі - әрбір азаматтың тағдыры ел назарында екенін білдіреді. Бұл деген сөз – мемлекет ең алдымен адам қауіпсіздігін, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды басты міндет санайды.

Әрбір азаматтың білім алуын, еңбек етуін, еркін өмір сүруге деген құқығы заңмен қорғалады.

Мұндай ұстаным қоғамда әділеттілік пен сенімді нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты бекемдей түсері анық.

Қ.ОМАРОВ,

аудандық билер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026