Ауданымызда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шаралар жүзеге асырылуда.
Соның бірі - Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан қағаз қалдықтары мен пластик бөтелкелерді қабылдау акциясы.
Яғни, әр жұма сайын тұрғындар қағаз, картон және пластик қалдықтарын тапсырып, сыйлық ала алады.
МТ


