Ағымдағы жылдың 9–13 ақпан аралығында Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Назар аударыңыз, жолда-адам!» акциясы өткізілуде.
Іс-шара барысында теміржол жолдарында бөтен адамдар мен үй жануарларының болуы салдарынан пойыздардың шұғыл тоқтауын болдырмауға ерекше назар аударылады. Өйткені, полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ережелердің бұзылуының алдын алу және анықтау болып табылады.
Шара барысында теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзуды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар және теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары арасында үй жануарларын ұстау және жаю ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, балалар жарақаттануының алдын-алу бойынша мектептерге түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.
МТ




