📅 2026 жылдың 15–20 тамыз аралығында Мақат ауданы аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
👮♂️ Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүргізу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
🔹 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргеніне назар аударыңыз. Оларға жол қозғалысы ережелерін, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шараларын үнемі түсіндіріп отырыңыз.
⚠️ Естеріңізге саламыз:
✅ 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз көшеде жүруіне жол берілмейді;
✅ Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз;
✅ Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын орындаңыз;
✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
👨👩👧👦 Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
📞 Қауіп төнген жағдайда 102 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.



