Есірткі – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне, ұлт денсаулығына, елдің болашағына зор қатер төндіретін кесел.
Бұл ретте елімізде жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Түрлі спорттық жарыстар, еріктілер қозғалысы, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен жастар ұйымдарының жұмысы олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп келеді. Себебі бос жүрген жасөспірім түрлі теріс ықпалға тез ұрынады.
Сондықтан есірткіге қарсы күресте әрбір тұрғынның белсенділігі де маңызды. Егер заңсыз есірткі саудасына немесе күмәнді әрекеттерге куә болсаңыз, құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау – азаматтық борыш. Қоғам болып әрекет еткен жағдайда ғана бұл қауіпті індеттің жолын кесуге болады.
Нашақорлыққа қарсы күрес – бір күндік науқан емес. Бұл – үздіксіз жүргізілетін, бүкіл қоғамның бірлігін талап ететін маңызды жұмыс. Ұлт денсаулығы, жастардың жарқын болашағы және елдің қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Салауатты өмір салтын таңдау – жарқын болашақтың кепілі.
Ж.МЫРЗА,
кент тұрғыны



