Бүгін аудандық мәдениет үйінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Мерекелік жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекбол Әбуов сөз сөйлеп, мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Ол өз сөзінде мұнайлы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуында сала қызметкерлерінің еңбегі айрықша екенін атап өтіп, бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Б.Сағытжан,
Суреттер автордікі



