Бүгін орталық алаңдағы рәміздер монументінде 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы» атты Мемлекеттік Ту тұғырын көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, Мемлекеттік Ту көтерілді.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бекбол Әбуов мемлекеттік рәміздер – сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі екендігін атап өтіп, аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Сонымен қатар, рәміздер алаңында мектеп оқушылары патриоттық тақырыпта сурерттер салып, бұл іс-шара олардың рәміздерге деген құрметін арттырды.
Ә.ҚАСЫМ
#РәміздерРухы
#КонституцияКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МеніңТуымМеніңМақтанышым
#ТуымызТөрімізде
#МеніңТуым


