1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Мақат ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері игі іске ұйытқы болды. Олар балалардың жүзіне күлкі ұялатып, нағыз ертегі әлемін сыйлай білді.
Полиция қызметкерлері өздерінің күнделікті қатаң қызметтерінен бөлек, бүгін балалардың нағыз достарына айналды. Ұйымдастырылған мерекелік шарада ауданның бүлдіршіндері үшін қызықты ойындар мен тартымды сайыстар өткізілді.
Мерекенің шырайын келтірген сәт – сыйлықтарды табыстау рәсімі болды. Әрбір бүлдіршінге полиция қызметкерлері өздерінің ақ тілектерін жолдап, естелік сыйлықтар мен тәттілерді таратты. Балалардың қуанышында шек болмады, ал олардың ризашылыққа толы көздері шараның ең басты жетістігіне айналды.
МТ


