VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары нәтиже көрсетуі – еліміздің спорт саласындағы елеулі жетістіктерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел намысын биікке көтерген спортшыларды қабылдауы – олардың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Спортшыларымыздың 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығуы – ұлттық спорттың әлеуеті мен спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін айқын көрсетеді.
Бұл жеңіс – ел абыройын асқақтатып, ұлттық спортты дамытуға серпін беретін маңызды жетістік. Сонымен қатар, дүбірлі додада спортшыларымыздың жоғары нәтиже көрсетуі жас ұрпақты спортқа баулып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
М.ӘНЕСҰЛЫ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



