Доссор кентіндегі №214 референдум учаскесінде дауыс беру жалғасуда.
Аталған учаскеге ерлі-зайыптылар Мағзам Иманғалиев пен Шолпан Мұханбетиярова ұлттық нақыштағы киіммен келіп, өз таңдауларын жасады.
Ерлі-зайыптылардың бұл әрекеті дәстүр мен заманауи азаматтық белсенділікті үйлестіріп, мерекелік рух сыйлады.
Сонымен қатар олар комиссия мүшелерімен көрісіп, амал мерекесімен құттықтады.
Айта кетейік, №214 референдум учаскесінде барлығы 1129 сайлаушы тіркелген.
Ж.ҚАМЗА


