ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ТАРТЫСТЫ ТУРНИР

ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ТАРТЫСТЫ ТУРНИР
(0 Votes)

 Жуырда қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай аудандық орталық мешіті мен Мақат футбол федерациясының ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан аудандық турнир өтті.

 Бұл шара – Құрбан айт мерекесінің береке мен бірлікті, салауатты өмір салтын және достық қарым-қатынасты насихаттайтын игі бастамаларының бірі болды. Спорттық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.

Дәстүрлі спорттық додаға жалпы саны 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир ерекше форматта, яғни кубок жүйесі бойынша ұйымдастырылып, әр ойын тартысқа толы болды. Командалар жеңіс жолында бар күш-жігерін салып, алаңда шынайы спорттық рух пен ұйымшылдықты көрсетті.

 Жарыс қорытындысы бойынша, «ПЧ Мақат» командасы жүлделі ІІІ орынды еншілесе, «Еркін» командасы ІІ орынды місе тұтты. Ал, жүлделі І орынды «Қуандық» командасы жеңіп алды.

 Сайысқа қатысушы барлық командалар диплом, арнайы кубоктармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Аталған турнир аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамытуға серпін берген тағылымды шаралардың бірі болды.

С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT