Бүгін аудандық орталық мешітте қасиетті Құрбан айт мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Мешіт ауласында киіз үй тігіліп, аудан тұрғындарына арналған ақ дастархан жайылды.
Сонымен қатар, мерекеде ересектер арасында қол күрес, арқан тартыс секілді қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, өздерінің ептілігі мен күш-жігерін көрсете білген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Барша мұсылман асыға күткен айт мейрамында балалар да құр алақан қалмады.
Шара барысында 300 балаға сыйлықтар таратылып, мешіт ауласында үрмелі ойын алаңы құрылды.
Осылайша, аудан тұрғындары Құрбан айт мерекесін ауызбіршілік пен көтеріңкі көңіл-күйде атап өтті.
Д.МАРАТҰЛЫ


