КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

(0 Votes)

Бүгін ауданымызда отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Мақат аудандық филиалының қызметкерлері көпбалалы отбасылардың үйіне барып, арнайы құттықтады.

«Біздің мақсатымыз көпбалалы отбасыларды айтулы мерекемен құттықтап, балаларға қуаныш сыйлау. Біз мұндай игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырып, ел бірлігі мен отбасы құндылықтарын нығайтуға өз үлесімізді қоса береміз. 

Сіздерді отбасы күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!», - деді «Әділет» партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасы Абзал Мақсотұлы.

Ізгілікке үндейтін шара барысында бірқатар көпбалалы отбасыларға тәтті сый себеттері табысталып, «Baidar» ойын-сауық орталығына арнайы сертификаттар берілді.

Осындай игі бастамалар мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екені сөзсіз. 

Д.Маратұлы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT