ҚОҚЫС ТАПСЫРЫП, СЫЙЛЫҚ АЛ!

ҚОҚЫС ТАПСЫРЫП, СЫЙЛЫҚ АЛ!
(0 Votes)

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Қоқыс тапсырып, сыйлық ал” акциясы белсенді түрде өз жалғасын табуда.

Аталған жоба аясынға Х.Санбаев атындағы орта мектептің 3 сынып оқушылары да өз үлестерін қосты. 

Оқушылар сынып жетекшісі  Самал Шайзадақызымен бірге акцияға белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысты.

Балалар картон қалдықтарын, ескі газеттер мен пластик бөтелкелерді тапсырып, еңбектерінің нәтижесінде тәтті сыйлықтарға ие болды.

Бұл игі бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT