Азаматтарды қабылдау орталығында “Құқықтық дәріхана” республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Аталған акцияның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріп, проблемалық мәселелерін шешу болып табылады.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысып, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті.

Акцияға қатысушылар өздерін толғандырған тұрғын үй мәселесі, жер телімдерін алу, алимент, несие, алаяқтық бойынша сұрақтарын қойып, құқықтық кеңестер алды.
МТ


