КІШІ АЯҚ ДОБЫНАН ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР

(0 Votes)

Бүгін, 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай аудандық орталық стадионда отбасылар арасында кіші аяқ добынан отбасылық турнир өтуде.

Спорттық шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекбол Әбуов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар, отбасылық спортты насихаттауға үлес қосқан қатысушыларға аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыстады.

Айта кетейік, дүбірлі додаға әр ауданнан келген 16 команда қатысып, өзара бақ сынауда. 

Турнир барысында командалар кіші аяқ добынан шеберліктерін көрсетіп, спорттағы белсенділіктерін ортаға салуда.

Екі күнге жоспарланған отбасылық турнирдің ойындары орталық саябақтағы спорт алаңы мен аудандық орталық стадионда жалғасады.

Спортты отбасылық құндылықпен ұштастырған бұл жарыс салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайтуға бағытталған.

С.Бек
Суреттер автодікі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT