ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ
(0 Votes)

Жуырда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл қаласында халықаралық деңгейдегі менталды арифметикадан олимпиада өтті. Білім додасының мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлауын дамыту, жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. 

Аталған халықаралық олимпиадаға ауданымыздағы Wunderkind орталығының оқушылары қатысып, толағай табысқа қол жеткізді.

Жалпы 220 қатысушы бақ сынаған додада Мақаттық жас дарындар бірнеше жүлделі орындарға ие болды. 

Жазбаша есеп шығару кезеңінде Ернар Серіков III орын иеленсе, Лұқманхакім Нуриахмет, Әли Мұқан, Ерасыл Құрақ және Сұлтан Санжар II орынға қол жеткізді.

Экрандық есеп шығару кезеңінде Ислам Сембаев, Сырғалым Құмар, Нұрали Жәнібек, Алмаз Дәлу, Ернар Серіков және Әли Мұқан III орынға ие болды. Ал Лұқманхакім Нуриахмет, Перизат Мұқан және Ерасыл Құрақ II орынды жеңіп алса, Сұлтан Санжар I орынның тұғырынан көрінді.

 Олимпиаданың ең күрделі саналатын абсолюттік кезеңінде бақ сынаған Батырхан Қойбағар қиын есептерді жылдам әрі дәл шығарып, III жүлделі орынды иеленді.

Халықаралық білім додасының қорытындысында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT