Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы профилактикалық шаралар аудан тұрғындары үшін маңызды деп ойлаймын.
Әсіресе жастармен және жасөспірімдермен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының тәрбиелік мәні жоғары.
Заңды құрметтеу бала кезден қалыптасса, бұл олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан қауіпсіз орта құруға әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет.
А.ЖАЛҒАСОВА,
кент тұрғыны



