2–4 қыркүйек аралығында Мақат ауданы аумағында «Қауіпсіз отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, әр адамның тыныштығы мен қауіпсіздігінің бастауы. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік бала тәрбиесіне де, жалпы қоғамдағы тұрақтылыққа да тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты Мақат ауданы полиция бөлімі тарапынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу, зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжалға бейім және профилактикалық есепте тұрған отбасылардың тұрмыс жағдайын зерделеп, олармен профилактикалық әңгімелесулер өткізеді. Сонымен қатар, отбасындағы қолайсыз жағдайлардың себептерін анықтап, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылады. Ата-аналарға кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, олардың бос уақытын бақылау және балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру қажеттігі түсіндіріледі.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Егер азамат отбасында зорлық-зомбылыққа немесе қауіп-қатерге тап болса, үнсіз қалмай, тиісті органдардан көмек сұрауы қажет.
«Қауіпсіз отбасы» іс-шарасының негізгі мақсаты – отбасындағы береке мен тыныштықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Отбасы амандығы – қоғам тыныштығы. Қауіпсіз отбасы қалыптастыруға бірге атсалысайық!
Мақат ауданы полиция бөлімі



