“ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ”

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Әйелмен әлем әдемі” атты салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов барша нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтады.

“Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Бұл мереке – көктемнің шуағымен бірге келетін мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен парасаттың мейрамы. 
Сіздер қоғам өмірінде де белсенділік танытып, қай салада еңбек етсеңіздер де жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келесіздер”,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ, ауданымыздың әр саласында табысты еңбек етіп жүрген аруларды облыс және аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты шара барысында аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, жиналған барша аруларға мерекелік гүл шоқтары табыс етілді.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT