«ФИРДАУС» КОМАНДАСЫ ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗЫ

«ФИРДАУС» КОМАНДАСЫ ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗЫ
(0 Votes)

«Бақ ырыс» мейрамханасында Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының  аудан жастарын қолдау бағытындағы "Talaptan Maqat" жобасы аясында  «TALAPTAN QUIZ» интеллектуалды білім сайысы өтті. 

Логика мен эрудиция сарапқа салынатын қазақша куиз ойынында бұл жолы аудан бойынша барлығы 18 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

 Білімділер бәйгесі «ТесТез», «Суретті үш әріп», «Күрделі», «Медиа», «Үш әріпті сұрақтар», «Бәстайм" сынды тапсырмалардан тұрды.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде Мақат мешітінің жамағатынан құралған «Фирдаус» командасы бірінші орынды жеңіп алып, арнайы алғыс хат және 150 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. 

Ал еркін құрама «Кеттік, поехали, let s go» командасы екінші орынды еншілесе, үшінші орынға жас теміржолшылардан құралған «Lokomotiv» командасы ие болды. Одан бөлек, аудандық кітапхананың қызметкерлерінен құралған «BiblioStar» және мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінен құралған «Compass» командалары үздік бесіктен көрініп, арнайы ынталандыру жүлдесіне ие болды.

 «Bas Time» қазақша куиз ойындарының Атырау облысы бойынша ұйымдастырушысы Асылбек Жұмабекұлы аудандық лиганың 4 маусымын ашып, алдағы уақытта зияткерлік ойынның жалғасын табатындығын жеткізді.

 Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT