Бүгін Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде Сансызбаев әулетінің егіздері Ернар мен Бекнар өз таңдауларын жасады.
Егіздер ел келешегі үшін маңызды сәтте азаматтық борыштарын орындады.
“Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасау үшін келдік. Әр азаматтың дауысы маңызды деп санаймыз” - деді олар.
Айта кетейік, аталған учаскеде дауыс берушілер - Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындары.
Қазіргі таңда учаскеге 1109 дауыс беруші тіркелген.
Ж.Гүлдана


