Тәуелсіздік – еліміз үшін қастерлі құндылық, мемлекетіміздің еңсесін тіктеген биік мәртебе.
Сондықтан оны сақтау – әрбір азаматтың қасиетті парызы, ата-бабадан аманат болып жеткен ұлы мұра. Бұл ұстанымдар жаңадан қабылданғалы отырған Ата Заңымызда да айқын, көрініс табуда.
Конституцияда мемлекетміздің тұтастығын сақтау, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заң мен тәртіптің үстемдігін нығайту - басты міндеттердің бірі ретінде нақтыланған.
Бұл – ел дамуының берік іргетасы қаланып, құқықтық мемлекеттің орнығуына бағытталған маңызды қадам.
Ұлт болашағы – бүгінгі буынның қолында. Ендеше, аманатқа адал болып, қасиетті Тәуелсіздігімізді мәңгілік ету – баршамыздың басты борышымыз.
М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы




