ЕҢ ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

(0 Votes)

 

Доссор кентіндегі №212 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі жалғасуда.

Аталған учаскеге ең жас сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. 

18 жасар Мақат мұнай және газ колледжінің студенті Нұрқанат Нұрбергенұлы алғаш рет дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға азаматтық үлесін қосты.

Алғаш рет дауыс берген жас дауыс берушіге учаскелік комиссия төрағасы арнайы сыйлық табыстап, белсенділігі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, №212 референдум учаскесінде барлығы 1466 сайлаушы тіркелген. 

Дауыс беру кешкі сағат 20:00 ге дейін жалғасады.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT