Доссор кентіндегі №214 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі жалғасуда.
Аталған учаскеде таңғы сағат 07:00-ден бері 33 адам келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді.
Тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Айта кетейік, №214 референдум учаскесінде барлығы 1129 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ж.ҚАМЗА


