ДОССОР КЕНТІНДЕ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ДОССОР КЕНТІНДЕ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін Доссор кентіндегі «Бірлік» ықшам ауданында демалыс саябағының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екендігін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, жаңа саябақ тұрғындардың бос уақытын жайлы әрі тиімді өткізуіне зор мүмкіндік екендігін айтып, жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.

Әрі қарай салтанатты түрде саябақтың лентасы қиылып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT