ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ

(0 Votes)

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңартылған Ата Заңының жобасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл құжат еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға айрықша мән берілуінде. Қоғамдағы ең басты құндылық саналатын адам және оның құқығы Негізгі заңның негізгі өзегіне айналып отыр. Яғни, азаматтардың құқықтары тек жекелеген баптарда ғана емес, бүкіл құжаттың мазмұнында айқын көрініс табады.

Бұл әділетті қоғам адам құқығынан басталатындығын дәлелдейді деп ойлаймын.

Қ.ОМАРОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT