Еліміздің болашағы ең алдымен заңдық негізіне, яғни басты құжатына байланысты. Сол себепті де Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің тұрақтылы мен қоғамдық келісімнің басты тірегі болып саналады.
Бұл құжат тек заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ол ел азаматтардың ортақ құндылықтарын, жауапкершіліктері мен бірлігін айқындайтын маңызды бағдар.
Қоғам дамыған сайын заңнаманың да заман талабына сай жетілуі – табиғи құбылыс. Конституцияға енгізілген әрбір өзгеріс мемлекет тарихындағы елеулі кезеңдердің бірі.
Мұндай өзгерістер ел ішіндені әділдік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі күшейте түсері сөзсіз.
Сондықтан бұл маңызы бастаманы үлкен сенімен қабылдаймыз. Жаңартылған бағыттағы өзгерістер қоғамымыздың бірлігін арттырып, келер ұрпаққа бейбіт өмір мен берекелі қоғам қалыптастыруға негіз болады деген сенімдеміз.
Ж.Нұрсұлтан,
кент тұрғыны


