Бурабайдан олжалы оралды

(0 Votes)

Өткен аптада Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің шәкірттері Щучинск қаласында өткен V Республикалық "Алтын дән" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Аталмыш сайысты "Ақ көгершін" Балалар Қоры ұйымдастырған болатын.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас өрендер қатысып, бақ сынады. Домбыра аспабы бойынша күй орындаған Мәулет Сағындық және Ақерке Мағзомова І дәрежелі лауреат атанды. Сондай-ақ, Ақерке Мағзомова, Мәулет Сағындық, Мирас Нағимовтан құралған домбырашылар триосы жүлделі ІІ дәрежелі лауреат атағына ие болды.

6

6

6

Суретшілердің арасында ерекше көзге түскен Диана Темірханова І дәрежелі дипломант және Майя Артурқызы ІІІ дәрежелі дипломант атанды. Талантты оқушылардың шеберліктерін шыңдаған жетекшілер Шолпан Жылқышиева, Динара Джукиева, Шынар Саламатова "Үздік ұстаз" атанып, "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Барлық жеңімпаздар кубок, медаль, дипломға ие болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика