Қазіргі уақытта елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасын өзгертіп келеді.
Бұл бастама әр адамға өз ортасына бейжай қарамау керектігін түсіндіреді.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында тұрғындар бірігіп, айналаны ретке келтіруге белсенді қатысуда.
Осындай ортақ іс арқылы адамдардың бірлік пен жауапкершілігі арта түспек.
Сондықтан, тазалық сақтау – тек сенбілікпен шектелмеуі тиіс. Әркім өз үйінің маңынан бастап, қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыланса, бұл үлкен нәтижеге жеткізеді.
Б.НҰРБЕК,
кент тұрғыны


